Қалалық қоғамдық-саяси газет

Химиялық реакциялардың нәтижелері

0 304

Химиктер – көпшілік арасында таныла бермегенімен, нағыз қолданыстағы заттарды шығарадын маман иелері. Ойланып көрсеңіз, айналамыздағы пайдаланып жатқан материалдардың барлығы химиялық заттардың қосындысынан шыққан. Маталар, киімдер, аяқ киімдер, жиһаз, ыдыс-аяқ, жуғыш және жарылғыш заттар, бояулар, құрылыс материалдары, косметика, электротехника, тасымал құралдарының барлық түрлері және тағы да басқа қажетті, пайдалы заттар шығарылады. Химияның деңгейін М.В. Ломоносовтың сөзмен толықтаратын болсақ, «Адам өмірінде химия қолын кең жайған».

«Ұстаз» институты, «Химия және биология» кафедрасы сұранысқа ие мамандарды дарярлайды. Іс жүзінде тәжірбиелерден өткізіп, студентке теория мен практиканы ұштастыруа үйретуді мақсат етеді. Осы ретте, «Химик» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Жамбыл облысының қоршаған орта объектілерін бағалау мен бақылаудың химиялық-экологиялық мониторингісі» тақырыбында ашық үйірме отырысы өткізілді.

Ашық үйірме отырысына «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №15 мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары мен химия және биология пәндерінің мұғалімдері Ж.А.Қыдыралы мен Л.А.Сериева, сондай-ақ «Химия және биология» кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., доцент А.К.Мажибаев басқарып отырған ұжымның ПОҚ, кафедраға қарасты академиялық топ студенттері қатысты.

Ашық үйірме отырысында қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша баяндамалар жасады. «Химик» СҒҮ мүшелері қызықты демонстрациялық тәжірибелер көрсетті. Жиын қорытындысы бойынша комиссия мүшелері келесідей тұжырымдамалар жасап дипломдар марапатталды. Іс-шараға белсенділік танытып қатысқан студенттерге, қатысушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар тапсырылды.

WhatsApp Image 2022 12 05 at 17.10.41

WhatsApp Image 2022 12 05 at 17.10.43

WhatsApp Image 2022 12 05 at 17.10.44

WhatsApp Image 2022 12 05 at 17.10.44 1

WhatsApp Image 2022 12 05 at 17.10.45

WhatsApp Image 2022 12 05 at 17.10.45 2

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.