Қалалық қоғамдық-саяси газет

Головкиннің келесі қарсыласы кім?

0 889

48 жастағы бұрынғы әлем чемпионы, WBA рейтингісінде үшінші орында тұрған аргентиналық Серхио Мартинес орта салмақтағы WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Бұл туралы Boxeo de Campeones басылымы «ESPN KnockOut бағдарламасында Серхио Мартинес WBA тұжырымы үшін кездесудің өткенін асыға күтіп жүргенін, содан кейін ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпиондары Лара немесе Головкинмен кездескісі келетінін айтты», – деп жазды.

Қазір орта салмақтағы WBA Super титулы қазақстандық Геннадий Головкинге тиесілі, ал «тұрақты» чемпион – кубалық Эрисланди Лара. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы өткен айда қос боксшыға жекпе-жек өткізу туралы келіссөзді бастауды тапсырды. Демек, алдағы уақытта қос боксшы жұдырықтасуы да әбден мүмкін.

Дайындаған Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.