Қалалық қоғамдық-саяси газет

Головкин әлемдік рейтингтен алынып тасталды

0 346

Әлемдік BoxRec.com сайты өз рейтінгінен IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Геннадий Головкинді алып тастады. Осылайша қазақстандық Р4Р-боксшылардың жаңа көшбасшысы анықталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин 2020 жылдың 18 желтоқсанынан бері рингке шықпаған. Қазақстандық боксшы соңғы кездесуінде Камиль Шереметаны (21-2, 5 КО) жеңген болатын.

BoxRec.com басылымы бір жыл кездесу өткізбеген боксшыларды рейтингтен алып тастайды. Бұл Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) қазақстандық Р4Р-боксшылар арасында көш басына шығуға мүмкіндік берді.

Еске салайық, Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста өткізген жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Хассан Н’Дам Н’Жикамды жеңген еді. Кездесу 8-раундта аяқталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.