Қалалық қоғамдық-саяси газет

Футзал: Қазақстан құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді

0 561

Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Финляндиядан басым түсті.

25 қаңтарға қараған түні Гронингенде өткен кездесу 2:6 есебімен аяқталды. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Қазақстан құрамасында гол соққандар: Біржан Оразов (17 және 31-минуттар), қақпашы Игита (24), Арнольд Кнауб (28, 33) және Азат Валиуллин (39).

Қазақстанның В тобындағы бәсекелестері Италия мен Словения тең ойнады, есеп – 2:2.

Бұл турнирде қазақстандықтар екінші матчін өткізіп отыр. Бірінші ойында біздің құрама Словениямен тең ойнаған – 4:4.

Екі ойыннан кейін төрт ұпаймен Кака шәкірттері топта бірінші орынға шықты. Қазақстан кейінгі ойынын 28 қаңтарда италиялықтарға қарсы өткізеді.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.