Қалалық қоғамдық-саяси газет

Франциялық компания Қазақстанда құсбегілік жайлы деректі сериал түсіреді

0 159

Бұл туралы Құсбегілер федерациясының президенті Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы жарыстардың шымылдығы ақпан айының басында Павлодарда өтетін жастар арасындағы XIV құсбегілік чемпионатымен ашылып, Қызылордада өтетін ересектер арасындағы чемпионатпен жалғасын таппақ», – деп жазылған Берік Уәли бөліскен хабарламада.

Сондай-ақ Францияның «Les films de la découverte» компаниясы «Орталық Азия ойындары» жобасы аясында Қазақстанға келетіні жайлы айтылды.

«Франциялық компания деректі сериал циклінің бір бөлімін құсбегілікке арнамақ. Шығармашылық топ наурыз айында елге келуді жоспарлап отыр», – делінген жазбада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.