Қалалық қоғамдық-саяси газет

Филармония өнерпаздары Өзбекстаннан олжамен оралды

0 204

27-29 сәуір күндері Өзбекстан Республикасының Хива қаласында өткен «Лазги» Халықаралық би фестиваль-байқауында 30 мемлекеттен 18 би ансамблі бақ сынасты. Бұл игі шараға өнер майталмандары, блогер мен БАҚ өкілдері де қатысып, конференция, семинар, шеберлік сағаттарында өзара тәжірибе алмасты.
Қазақстан Республикасы атынан К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» би ансамблі байқауға шақырту алып, қазақтың «Арман дала», «Ерке сылқым» би қойылымдарын ансамбльмен ұсынды. Фестиваль-конкурстың нәтижесі бойынша «Ақкербез» би ансамблі, жеке биші Айгүл Нұрымова «Лазги» биімен өнер көрсетіп, дипломант атанса, жеке биші Гүлнұр Қасымбек «Аққу» биімен I орынды иеленді. Қоюшы балетмейстер, би ансамблінің жетекшісі Айжан Қонарбаева.

Жеңімпаздарымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.