Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерлік ұмытылмайды

0 168

9 мамыр – Жеңіс күні. Күнтізбеге бір сәт көз жүгіртсек, Қазақстанда мереке-мейрамдар көп-ақ. Бірақ сол мерекелердің ішіндегі адам баласының жүрегіне ең жылысы, ең қымбаттысы, ең қадірлісі осы Жеңіс мейрамы емес пе?!

Толғанай АТАБАЙ. Суретті түсірген Ю.КИМ

Себебі бұл мереке – ұрыс даласында келешегі үшін қолына қару алып, кеудесін оққа тосқан өр рухты жауынгерлердің жеңісі һәм ұрпағына тартқан сыйы.

Иә, жыл өткен сайын жарқын жеңісті жақындатуға атсалысқан ардагерлер саны сиреп барады. Бүгінде шаһарымызда отты жылдарда Отанын қорғап, аңызға айналған сұрапыл соғыстың ақиқатын білетін 39 ардагеріміз бар. Ашық аспан, бейбіт өмірді тарту етіп, жанқияр ерліктің хас үлгісін көрсеткен батыр бабалардың ерлігі еш ұмытылмайды. Еңселі елінің жадында мәңгі сақтала бермек. Бұл күнге барлық жақсылық жарасады. Берекелі де мерекелі өмiр үшiн ардагерлерге айтар алғыс шексіз. Жеңіске үлес қосқан кешегі жауынгер, бүгінгі ардагерлер қандай құрметке болса да лайық. Ұлы Жеңіс ұрпақты жарқын жетістіктерге жетелеп, жанға қуат береді. Жеңіс жалауы мәңгілік желбірей берсін!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.