Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерекше үлгідегі инсталляция

0 93

Технологиялық оқу кешенінде орналасқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығын іздесеңіз, адаспай табасыз. Кітапхана алдында ерекше инсталляция бірден көзге түседі.

«Оқу – инемен құдық қазғандай» екенін еске салатын инсталляцияның қабырғасы ескі кітаптардан қаланған. Архитектуралық сипатында мін жоқ. Үлкен қажыр-қайратпен жасалғаны көрініп тұр. Ерекше символдық «ескерткіштің» авторлары – кітапханашылар-дың өздері!

Жалпы университет кітап-ханасы еліміздегі ең таңдаулы бестіктің қатарына енген. Орталықтың оқу залдарында тағы бір ерекше зал бар. Кітапханашылар ондағы ескі жиһаздардың барлығын зама-науи үлгіде қайта жаңғыртып, креативті зал ретінде жаңаша кейіпке енген.

Гүлжауһар Бажахай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.