Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерекше балаға ерекше қамқорлық

0 586

Тараз қаласы № 9 орта мектебінде 2020 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған «Қамқорлық» инклюзияны қолдау кабинеті ерекше балалар психологиялық-педагогикалық қолдау алуда.

Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Десек те қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

Инклюзияны қолдау кабинетінің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тиімді моделін құрып, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдауда көмектесу.

Инклюзиияны қолдау кабинетінде «Балама», «Болашақ» орталықтарынан, «Қамқорлық» қоры қолдауымен арнайы курстан өткен білікті, білімді  әдіскер, педагог-ассистент, психолог, дефектолог, логопед мамандары жұмыс жасауда.

Ашылғанына аз уақыт болса да  балалардың вербалды мінез-құлық қалыптасатын оперантты, яғни үйретілген мінез-құлық формаларымен жұмыс жасап, жеке даму жоспарына сәйкес : манд, такт, жаңғырық, интервербальды реакциялар, оқылу , глобальды оқу, транскрипция, математика, сөйлеуді түсіну формаларымен жұмыс жасауды, жұмыс жасау барысында балаларды ынталандыратын стимулдар жетондар жүйесін пайдаланып көптеген нәтижелерге жетудеміз.

Баламен жұмыс жасауда көмек түрлерін секундтық реакция бойынша пайдаланылды. Көмек – бұл дұрыс реакция тудыруға көмектесетін қосымша алдыңғы стимул. Мақсатқа жетудің ең жақсы амалы. Көмектерді пайдалану оқытудың позитивті жолы. Қиын тапсырмаларда қолдау.  Реакция көмегі – сөз нұсқаулығы, физикалық көмек  ол бағыт беріп артынан тұрып ұстау, модельдеу имитация жасай алатын балалар үшін оңтайлы көмек. Көмек берудің ережелерін басты назарға ұстау қажет . Бала үйренген бойда көмек түрлерін азайту қажет.

Осындай әдіс-тәсілдер тілекке тиек етіліп, ағымдағы жылдың сәуір айында «Ерекше білім беретін балалармен жұмыс жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану» атты   қалалық  семинар өткізілді. Семинарға тәжірибе алмасуға  20 мұғалім келіп қатысты. Семинарда балалардың нақты жетістігі көрсетіліп ашық сабақтар берілді, нейрогимнастикалық жаттығулар көрсетіліп, баяндама оқылды. Семинар өз мақсатына жетіп, келген педагогтар өз ризашылықтарын білдіріп, көп практикалық жүйемен танысқандарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

         2021 жылы қараша айында  қамқорлық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Ең үздік инклюзияны қолдау кабинеті» байқауына қатысып, 1 млн. теңге ұтып, бас жүлдені жеңіп алдық.

         Тек білім беріп қана қоймай, қоғамда қажеті болатын қарапайым: асханада тамақтану, кезекте тұру мәдениеті секілді дүниеге машықтандырып, әлеуметтендірдік.

Ата-аналарға балалардың  профессор болып шыққаны емес, қоғамда өзін алып жүре алатын адам ретінде қалыптасқаны маңызды. Сол сенімдерді ақтап, көптеген жүректерге жылу сыйлап, қолдау көрсетудеміз. Балалар қуанышпен асыға келетін кабинетке айналдық.

Салтанат ЖАНҰЗАҚОВА,
№9 орта мектебінің директоры
Тараз қаласы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.