Қалалық қоғамдық-саяси газет

Енесі келінін ашуландыру үшін тойға ақ көйлек киіп келген

0 555

Енесі келіні мен ұлының тойына ақ көйлек киіп келіп, қалыңдықтың көңіліне қаяу түсірген. Оқиға АҚШ-тың Огайо штатында болған, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Атын жасырып қалуды жөн көрген әйел енесінің суретін жариялады. Онда әйел ақшыл сары түсті, декольте мен шлейфі бар, шілтерлі көйлек киген.

Қалыңдық енесінің бұл қылығын түсінбегенін және қатты ашуланғанын айтты. Себебі әйелдің үстіндегі көйлек нағыз қалыңдықтың көйлегін еске салады.

«Оның арам ойы бардай көрінді», –  деп жазған жас келін.
Айтуынша, алғашқыда әйел көйлекті қызының тойына кию үшін алған. Алайда қызы бұл киімнен бас тартуды сұрапты. Не істерін білмеген қалыңдық көпшіліктің пікірін сұрады.

«Бұл ісі бекер емес», «Басқа түстісін таңдағанда, мұндай мәселе туындамас еді. Бірақ ақшыл сары? Жоқ», «Әдемі және орынды деп айтар едім, бірақ шлейфті санамағанда», «Қалыңдықтан басқа адамдардың шлейфпен келгені дұрыс емес», – деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.