Қалалық қоғамдық-саяси газет

Енді тұтынушылардың құқықтары заңмен қорғалады

0 60

Биыл Жамбыл облысында метрологиялық талаптардың сақталуы бойынша 7 субъектіге профилактикалық бақылау тағайындалып, нәтижесінде 5 субъектіде бұзушылықтар анықталған. Олардың сипаты қызмет көрсету барысында салыстырып-тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалануға негізделген,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Техникалық реттеу және метрология комитеті өңірдегі департаментінің басшысы Әлия Ахметова айтты. Ол аймақта жыл басынан бері заңсыз берілген сертификаттар мен декларациялар бойынша материалдар келіп түсіп жатқанын да жеткізді. Олар заңнамалық актілерге сәйкес қаралып, жедел ден қою шаралары қабылданған.

«Мысалы, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен шекарада мемлекеттік кірістер органдары тауарларға ілеспе құжаттарды сканерлеп, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде талдау жүргізу үшін ақпараттық жүйелерге мәліметтер енгізу арқылы жүктерге мониторинг жасайды. Бұл орайда кәсіпкерік субъектілерінің талапқа сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды ел аумағына сертификатсыз немесе декларациясыз әкелу фактілері бойынша материалдар бізге жолданады. Бұл жайында «Техникалық реттеу туралы» заңның 35-бабында қаралған. Орын алған деректер негізінде, 7 кәсіпкерлік субъектісі жалпы сомасы 2 559 667 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді спикер.

Әлия Аманқұлқызы аккредиттеу субъектілерінің қызметтеріне мемлекеттік бақылау жүргізу жұмыстарына тоқталып, облыстық прокуратураның қызметкерлерімен Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының Жамбыл филиалына қатысты тексеру жүргізілгенін айтты. Нәтижесінде техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда құқықбұзушылық анықталып, 1 750 200 теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Ағымдағы жылы жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш түсті. Барлығына толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар, техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауды күн сайын жүзеге асырамын. Биылғы ең басты жаңалық – 1 шілдеден бастап жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» күшіне енді. Ондағы негізгі мақсат – нарықты қауіпті және сапасыз өнімнен қорғау. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілеріне артық жүктеме көрсетпей, отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін енгізу қажеттігі туындады», – деді департамент басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.