Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

0 319

Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай сағат 18:44-те Байқоңыр ауданы Кравцов көшесі 9а мекенжайында орын алған. «Целинный» мөлтекауданы аялдамасында жолаушылар автобусы өртеніп кеткен. «Ивеко» маркалы №28 қалалық маршруттың қозғалтқышынан өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобустан түсіріліп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» , – делінген хабарламада. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 7 қызметкері және 1 техника жұмылдырылған. CTS компаниясының баспасөз қызметі оқиға орнында ТЖ қызметкері тексеру хаттамасын жасап, жүргізушіден түсініктеме алғандығын хабарлады. Іс материалдары өрт-техникалық зертхананың сараптама бөліміне жіберілді.

Аталған маршруттық көлік бүгін таңертең рейс алдындағы техникалық байқаудан өткен. Соңғы техникалық тексеру 27 мамырда жүргізілген. Айта кетейік, барлық автобустар әр 6 ай сайын жалпы техникалық тексеруден өтеді.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.