Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордадағы айналма жолда атыс қарулары жасырылған

0 74

Нұр-Сұлтанда 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық Криминалдық полиция басқармасының ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тас жолы бойындағы орман арасынан, айналма жолдан 900 метр қашықтықта шөптердің арасына қару жасырылған орынды тапты. Табылған құпия орынды тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған 9 мм калибрлі 7 патроны бар «МР-371» сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.