Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елорда тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген

0 255

23 жастағы жас жігіт 6 адамды алдаған деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаскүнем Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген. Тергеу барысында күдіктінің пәтерлерді жалға беру туралы жарнама орналастырғаны анықталды.

Жәбірленушілер қымбат емес бағаны көріп, хабарландыру бойынша қоңырау шалған. Күдікті телефонмен өте сыпайы сөйлескен. Кейін адамдардан алдын ала төлем алған.  Жас жігіт ақша түскеннен кейін бірден жарнамаларды алып тастап, телефон нөмірін ауыстырған. Оның бұрын риэлтор болып жұмыс істегені анықталды.

Осылайша 6 азамат алаяқтың айласына түсіп, оған 30 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.