Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елде жоқ ерекше жолақ

Жол апаттарының алдын алуға көмектеседі

0 224

Тараз қаласында алғашқы проэкционды жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды. «Қауіпсіз қала» тұжырымдамасы аясында қолға алынған өткел Абай даңғылы бойындағы №8 мектептің қарама-қарсы бетіне орнатылды.

Түнгі уақыт және жауын-шашын (тұман, қар, жаңбыр) кезінде жаяу жүргіншілер қатысуымен орын алатын апаттардың алдын-алуға бағытталған жаңашылдық жаяу жүргіншілер өткелін алмастырмайды,тек қосарлаушы құрал.
Жаяу жүргіншілер өткелі жобасына жарықдиодты проекторлар орнатылған. Проекторлардың саны жолдың еніне байланысты қойылған.
Осылайша жаяу жүргіншілер өткелін (зебра) толығымен қайталайтын жарық дәлізі жұмыс жасайды. Бұл жаңашылдық түнгі мезгілдегі жол апаттарын азайтып, мектеп оқушыларының өміріне төнетін қауіпті сейілтетіні анық.

Дедек ТӨЛЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.