Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел дамуының басты бағыттары айқындалды

0 877

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты халыққа арнаған Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадым. Ел дамуының басты бағыттарын айқындайтын құжатта Жаңа Қазақстанды құрудың негізгі мәселелері жан-жақты қамтылды.
«Күшті Президент, ықпалды Парламент» қағидаты, Мемлекет басшысының отбасы мүшелері, туыстары, жақын-жуықтарының ел, квазимемлекеттік сектор басшылығында болмауы туралы заңмен бекітілген талаптың көрініс табуы көпшіліктің ойындағысын дөп басатыны сөзсіз. Парламент, сайлау жүйесін, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру де зор маңызға ие. Қоғамдық кеңестердің жоғары органы ретінде Қазақтан халқының құрылтайын құру, тағы басқа да өзгерістер көңілден шықты. Президенттің «Барлық маңызды мәселелер кезегімен міндетті түрде шешімін табатын болады» деген сөзі кімге болса да сенім ұялатады. Ендігі міндет осы Жолдауда айтылған өзге де мәселелер рет-ретімен шешімін тапса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Президенттің өкілеттілігін қысқартып, Парламент рөлін айтарлықтай арттыруды ұсынды. Бұл өзгеріс – заман талабы. Осыған дейін сайлауға шетелдіктер араласса, оған шектеу қоюы, Конституциялық сот құруды тапсыруы, «Ұлттық құрылтай» құруды ұсынуы – кемел, жарқын болашағымызды жасай алатынымызға сенімді қадам. Ұлттық құрылтай ұлағаттың бастауы болғандығын Ұлытауда өткен алғашқы жиында байқадық.
Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру, осы мақсатқа жету үшін өзгерісті әрбір адам өзінен бастауы керек. Президенттің «Бабалар аманатына адал болу мен болашаққа табыстау – менің борышым» деген ойы Жаңа Қазақстанды құруда әрқайсысымызға жаңа еңбектенуіміздің қажет екенін ұқтырып, болашаққа қадам ашып беруі деп ойлаймын.

Гаухар Баймырзаева,
Дулати университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің тәрбие ісі
жөніндегі декан орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.