Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екпе алу-індеттен арылудың ең тиімді жолы

0 224
Өкінішке орай, кейбір адамдар екпені үлкен зұлымдық деп санайды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция мәселесі өте өзекті. Жыл сайын Covid-пен сырқаттану барлық өңірлерде орын алуда және барлық жас категориялары бойынша тіркелуде,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Алайда, осындай қауіпті дертке қарсы вакцинация енгізілгеннен кейін коронавируспен тіркелетін жағдайлардың саны айтарлықтай азайып келеді, сондай-ақ аурудың өлім жағдайлары да төмендегені едәуір байқалады. Егуден бас тартудың салдары қандай? Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі ауырса, қалғандарына жұқтыру қауіпі өте жоғары, демек салдары қайғылы болуы әбден мүмкін.
Егуді ұйымдастыру, иммундау алдында әрбір адамды медициналық тексеруден өткізу бойынша Мемлекеттік шаралар жүйесі бар. Сіз ауру туралы, алдын алу шаралар жөнінде, қолданылатын вакциналар туралы толық объективті ақпарат алуға құқылысыз. Дегенменде, ақпараттың жетіспеуі, иммундауға қарсыластардың агрессивті мінез-құлқы Сіздің шешіміңізге әсер етуі мүмкін, сондықтан біз Сізді егуден бас тартудың салдарын тағы да ойластыруға және өзіңіздің аман саулығыңыз үшін, сондай-ақ жауап беретін отбасының мүддесін қолдауға шақырамыз.
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Екпе қабылдасаңыз, Сіз бүкіл отбасын аурудан қорғайсыз. Ал, вакцинациядан бас тартсаңыз, Сіз отбасы мүшелерінің өміріне үлкен қауіп-қатер төндіресіз. Жанұяңызды аурудан және індеттен туындайтын ауыр асқынулар мен дерттің салдарынан қорғаңыз. Ендеше, жақындарыңызға қажетті екпені тегін алуға мүмкіндік беріңіз. Сонымен, Сіз туғандарыңызды коронавирустық инфекциядан қорғап қаласыз.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.