Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екі жыл бойы мазалаған кеселдің емі табылды

0 340

Облыстық фтизиопульмонология орталығында 2020 жылы трахеобронхиалды мүшеден бөгде заттарды алуға арналған көмек көрсету қызметі құрылды. Ол үшін қажетті жабдықтар сатып алынып, медициналық қызметкерлер оқытылған.

1954 жылғы науқасты тамағындағы қақырық мазалаған. Сондай-ақ жөтелген уақытында қан аралас іріңнің болатынын байқап, жедел түрде торакальды бөлімге жүгініп, шағымданған.

Әйелдің айтуынша, 2 жыл бойы бронхит типті өкпенің созылмалы обструктивті ауруы диагнозымен республиканың пульмонологиялық орталықтарында бірнеше рет тексеруден және емделуден өткен, бірақ нәтиже байқалмаған.
Гемоптиздің пайда болуына және жоғары температураға байланысты науқас торакальды хирургқа жүгінеді.

Нәтижесінде аралық бронхтағы фибробронхоскопия кезінде фибринмен қапталған және өлшемі 2,0х1,2 см болатын форма анықталып және бронхтың шырышты қабығының қан кететін гиперплазиясы байқалған. Қанағыштықты ескере отырып, науқас жедел түрде торакальды бөлімге жатқызылған.

Толық тексеруден кейін эндоскопиялық алып тастау жүргізілді. Лаваж және гемостатикалық терапиядан кейін қашықтықтан пайда болған қан кету тоқтатылды. Алынған материал өлшемі 2,0х1,2х0,7 см болатын жануарлардың сүйегі болып шыққан. Бөгде нәрсені алып тастағаннан кейін, науқасты бірнеше жыл бойы мазалаған жөтел және басқа шағымдар толығымен емделіп, туберкулезге және онкология бойынша биопсия деректері теріске шығарылған.

Науқас бесінші күні үйіне шығарылып, қазір оның жағдайы жақсарған.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.