Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екі айлық сенбіліктен шет қалмаңыз!

0 2  277

Тараз қаласында екі айлық сенбілік науқаны басталды. Тазалық сенбілігіне 4430 адам қатысып, 126 тонна күл-қоқыс шығарылды. Тазалау жұмыстарына 18 техника жұмылдырылған.

Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
– Бізді бауырына басқан Жер ана- мызды мадақтап, оның әрбір қатпарын қорғап, жанашырлықпен қарау – адами борышымыз. Ұйымдас- тырылып жатқан сенбілікке қарап көңілім толып отыр. Үлкен-кіші демей, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етуде.
Көктем келісімен табиғат жаңарып, жасаратыны белгілі. Сол сияқты адам баласы да өз ауласын, өз мекенін күтіп ұстап, қоқыстануына жол бермеуі керек,– дейді қала тұрғыны Зәуре Асанқызы.
Иә, бұл, сөз жоқ, бас бармақпен бағалайтын бастама. Сондықтан көктемгі екі айлық сенбіліктен шет қалмаңыздар, құрметті қала тұрғындары!

Құралай Сейсенбекқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.