Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Егістік алқаптарындағы екпінді істер

0 772
Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова Әулиеата ауданына қосылған жаңа егістік алқаптарын аралап көрді.
Қазіргі таңда Әулиеата ауданына Бектөбе, Қызылшарық, Шайқорық, Танта, Шайқорық стансасы, Қоңыртөбе және Қызылжұлдыз елді мекендері қосылды. Олардың жалпы жер көлемі – 14 598 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 3 720,4 га, шаруа қожалықтардың егістік жері – 2 727,5 га, елді мекен жері 992,9 гектарды құрайды. Барлығы 226 шаруа қожалық бар.
Бүгінде көктемгі дала жұмыстары бойынша 1998,6 гектарға егін егілген.
Қала әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларымен бірлесе отырып, шаруалардың жай-күйін, көктемгі егіс жұмыстарының атқарылу барысын көріп, диқаншыларға табыс тіледі.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.