Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ең үздік оқырман

0 753

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бөлігі «Туған жер» бағдарламасын іске асырудағы басты бағыттардың бірі – кітап оқитын қоғамды қалыптастыру.

Осыған орай Тараз қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана филиалының Коворкинг орталығында бүгінгі жас ұрпаққа кітаптың пайдасы мен маңыздылығын таныту мақсатында «Ең үздік оқырман» атты оқырман бенефисі өткізілді. Оқырман бенефисінің басты қонағы Тараз қаласындағы №21 орта мектептің 7 «А» сынып оқушысы Қайрат Нұрдәулет болды.

Оқырманымыз кітапты 6 жасынан бері қарай оқып келе жатқаны және кітап оқуға қызығушылығын арттырған өзінің ата-анасы екендігі жайында және өзі оқыған көркем әдебиеттері жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» атты кітабының мазмұны туралы ойға түйгенімен оқырмандармен бөлісіп, поэзия әлемінен де хабардар екенін білдіріп, сүйікті ақыны М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтып, өз шығармашылығынан да өлеңдер оқыды.

Оқырман бенефисіне №21 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржанов Байқадам, анасы Үміт Анарбаева, мектептен тыс балалар шығармашылығы орталығы «Журналистика» үйірмесінің жетекшісі Жанна Терлікбаева қатысып, Нұрдәулет туралы, оның білімге деген ерекше құштарлығы, шығармашылыққа да жақын екендігі жөнінде жан-жақты айтып берді. Кітапхана қызметкерлері «Білім кілті – кітапта» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады.

Ж.Қалжанова, кітапхана қызметкері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.