Қалалық қоғамдық-саяси газет

Е.Садырқұлов дарынды оқушылармен кездесті

0 83

Бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында аудандық, облыстық, республикалық әр бағыттағы олимпиадалардың, байқаулар мен жобалардың жеңімпаздарымен, ауданның дарынды оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Елімізде, оның ішінде Т.Рысқұлов ауданында балалар мен жасөспірімдердің алаңсыз білім алуына, денсаулығын нығайтып, спортпен шұғылдануына, жалпы орта білім алуымен қатар шығармашылығын шыңдап, табиғи дарыны мен қабілетін даралауға барынша жағдай жасалынуда. Бүгінгі шараға ерекше дарынымен дараланып, аудан абыройын арттырып, түрлі салада зор жетістіктерге қол жеткізіп жүрген шәкірттер бас қосты.
«Тәуелсіздің таңының жұлдызымыз» атты кеште түрлі дүбірлі додада бәйгесі оза шауып келген аудан мақтаныштары аудан әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан, сендердің оқып, білім алуларың үшін, жетіліп, дамуларың үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сендердің болашақтарыңның жарқын болуы — бұл тұтас еліміздің болашағының жарқын болуы деген сөз. Сендерге тек сәттілік пен жеңістер тілеймін!» , – деді аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.