Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбек жасақтары марапатталды

0 201

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Шарада сөз алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа аталған ұйымның мақсат-міндетіне кеңінен тоқталды.
– «Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке үйрету, елімізді жасыл желекке айналдырып, қаламызды тазалықта ұстау. Сондай-ақ бұл – жастардың жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға таптырмайтын мүмкіндік, – деді басқарма басшысы.
Бұдан кейін шара еңбек жасақтарының үздіктерін марапаттауға ұласты. Атап айтар болсақ, «Үздік жасақ» номинациясымен, яғни 3-орынға Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығы, 2-орынға Шу аудандық жастар ресурстық орталығы, 1-орынға Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы лайық деп танылды. Сонымен қатар «Үздік сарбаз» номинациясына Жамбыл және Байзақ ауданының «Жасыл ел» сарбаздары, «Үздік командир» номинациясы бойынша Тараз қаласы, Меркі, Сарысу аудандарының «Жасыл ел» сарбаздары, «Өнерлі сарбаз» номинациясына Талас және Т.Рысқұлов аудандарының «Жасыл ел» сарбаздары қол жеткізіп, басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы  

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.