Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбегімен еленгендер

0 528

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил бірқатар сала мамандарын қабылдап, құрмет көрсетті.
Әуелі Қайрат Абилханұлы қаламгерлерді мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.

– Cіздер еліміздегі кез-келген жаңалықтың жаршысы болып, бұқара мен билік арасына алтын көпір орнатып келесіздер. Сол үшін сіздерге алғысым шексіз. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс тілеймін. Жазарларыңыз таусылмай, қаламдарыңыз ұштала берсін, – деген ол БАҚ өкілдеріне арнайы марапаттарды табыстады.
Айталық, облыстық «Ақжол» газетінің аға тілшісі Марат Құлибаев пен облыстық «ARAI» газетінің жауапты хатшысы Шолпан Бөгенбаева Құрмет грамотасын иеленсе, «Jambyl-Taraz» газетінің кадр жөніндегі маманы, әріптесіміз Жансая Базарбаева, «77TV» телеарнасының бас редакторы Перизат Созақбаева қатарлы 7 сала маманы Алғыс хатпен марапатталды. Cонымен қатар өзге де әріптестеріміз қалалық мәслихаттың Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттарын еншіледі.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.