Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ең бастысы – иммундық қорғанысты күшейту керек

0 302

Коронавирус инфекциясы әлемге таралған адамзатқа аса қауіпті індеттің бірі болып табылады. COVID-19 кеселі Қытайда 2019 жылдың соңында пайда болды. Небәрі үш айдан астам мерзім ішінде ауру әлемнің 200-ге жуық еліне таралып, оны Жер шарының жарты миллионға жуық адамы жұқтырды.

Вирустың жаңа түрі 65 жастан асқан адамдар үшін ең қауіпті екендігі анықталды. Қазалы жағдайлардың көбісі науқастанғандардың тап осы санатына тиесілі. Бұл басқа жастағы адамдар коронавирусты жұқтыруы мүмкін емес дегенді білдірмейді. Олар да ауырады. Алайда жасына байланысты жастардың иммунитеті індетке қарсы тұрады және олардың тірі қалу мүмкіндігі жоғары.
Жалпы алғанда, вирустармен, соның ішінде COVID-19 вирусымен күресте біздің иммунитетіміз басты рөл атқарады. Тиімді емделу үшін ең жақсы дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Алайда егер иммунитетіңіз әлсіресе вирусты қайтадан жұқтыруыңыз мүмкін. Вакциналар иммунитетті белсендіруге негізделеді, ағзаның жалпы иммундық қорғанысын күшейту маңызды.
Патоген ағзаға түскен кезде ағзаның иммундық жүйесі іске қосылады. Ол қоздырғышты (вирусты немесе бактерияны) анықтап, жою үшін зақымданған жерлерге арнайы жасушалар мен ақуыздарды жібереді. Бұл процесс денені қабындырып, дене температурасын жоғарылатады. Әлсіздік, дененің ауырсыну сезімі сияқты бізге жағымсыз белгілердің барлығы иммунитеттің зиянкестермен күресу нәтижесі болып табылады. Сондықтан пандемия кезінде барлық күшімізді ең әуелі иммунитетті нығайтуға жұмылдыруымыз керек.

Нұргүл Сейтжапар,
№9 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.