Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дулати университетінің білімгерлері «Студент-зерттеуші» атағын алып, Атаулы стипендияларға ие болды

0 388

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ғылымға бет бұрған студенттер үшін «Студент-зерттеуші» арнайы куәлігіне ие болу – үлкен мәртебе. Жастар өз ісіне қолдау күтетіні белгілі. Осыны ескерген университет басшылығы ғылым жолына енді қадам басып келе жатқан студенттерді марапаттауды дәстүрге айналдырған. Биыл да осы іс-шара жалғасын тапты. Айтулы шараға университет профессор-оқытушы құрамдары мен декандар және белгілі ғалымдардың жақындары қатысты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жастарды қолдау іс-шарасы өз кезегінде оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыруға септігін тигізіп отырғанын атап өтті. Негізгі мақсат – еліміздің дамуына, ғылым саласында өз үлесін қосып жүрген жастарды ынталандыру екеніне тоқталды.

– Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жастар жобасына биыл 22 жыл толып отыр. Білімсіз, ғылымсыз, жаңа технологиясыз адамзаттың даму эволюциясын елестету мүмкін емес. Ал оның іргесін қалайтындар – оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы. Университеттің ғылыми потенциалын арттыруға сүбелі үлес қосып отырғандар – біздің ғалымдарымыз. Уақытты, қажырлы еңбекті, білімді талап ететін бұл жолда төзімділік танытып, табысқа жеткен аға буынның ерен еңбегін дәріптей отырып, студентттерге алдыңғы толқынды үлгі етеміз.

Біз жас зерттеушілердің еңбектеріне немқұрайлы қарай алмаймыз. Әрдайым қолдап, марапаттап отыру – міндетіміз. Бүгін мерекеге орай 34 студент «Студент-зерттеуші» атағын иеленбек. Сонымен қатар, атақты ғалымдардың атындағы атаулы стипендиялар табыс етіледі. Құрметті жас ғалымдар сіздер еліміздің тірегі, университетіміздің мақтанышысыздар! Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер! —  деді Талғат Ілиясұлы.

Дулати университетінің жас зерттеушілерінің жасаған ғылыми жобалары бүгінде Қазақстанда және шет мемлекеттерде өтетін түрлі деңгейдегі конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға ұсынылып, қорғалып жүр. Елге жетістікке жетіп, мерейі өсіп оралғандары да көп.

– Жастарды тек ғылым күнінде ғана емес, әр уақытта ындаландырып отыру қажет. Конференциялар түрлі жарыстарға қатысып келетін болса факультетте міндетті түрде марапаттаймыз. Бүгін менің шәкіртім Әйкерім Қырықбай Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, Тараз қаласының құрметті азаматы, профессор Мұратбек Қасенов атындағы сыйақымен марапатталды, — дейді «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Жазира Теңізбаева.

Бұл – бүгінгі студенттердің алғашқы жетістігі емес. Ізденімпаз білімгерлеріміздің бірін әңгімеге тартық. Психология мамандығының 3-курс студенті Ержан Рахымбай:

– Бұған дейін де университет көлемінде, қалалық дейгейлерде ұйымдастырылған шараларға белсене қатысып жүрдім. Алдыңғы жылы жетекшім Сандуғаш Үсеновамен бірлесе отырып, кең көлемде «Инклюзивті білім беру бағдарламасы» бойынша 2 зерттеу жұмысын жаздым. «Жас дарын» республикалық байқауына қатысып, жүлделі орынды иелендім. Бүгінгі марапат –  сол жұмысымның тағы бір жемісі. «Студент-зерттеуші» атағына ие болдым. Бұл игі іс өз жалғасын табатын болса, алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыра алатыныма сенімдімін. Әрине, барлық студент бұл ұсынысты қолдайды деп ойлаймын.

«Студент» сөзі латын тілінен аударғанда бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы деген мағынаны береді. Бүгінгі марапат иелері нағыз өз аттарына лайық жастар екенін көрсете білді.

Университетке еңбегі сіңген ғалымдардың атындағы Атаулы стипендияны студенттерге тапсырған ғалымдардың барша жақындарына, факультет дакандарына алғыс айтамыз!

  1. Академик, техника ғылымдарының докторы Марс Үркімбаев атындағы атаулы стипендияны тапсырған «Академик Марс Үркімбаев бастамалары» қорының президенті профессор Сағат Мырзашұлы және мемлекет және қоғам қайраткері Шамсат Исабеков.
  2. Еңбек сіңірген қайраткер – гидротехник Талха Әйменов атындағы атаулы стипендияны тапсырған профессор, технологиялық факультетінің деканы Әнуарбек Әймен.
  3. Техника ғылымдарының кандидаты, профессор Виктор Антимонов атындағы атаулы стипендияны тапсырған ұлы Евгений Антимонов.
  4. Техника ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынәлі Жүнісбеков атындағы атаулы стипендияны тапсырған жары Жұпаркүл Тұргұнбаева.
  5. Техника ғылымдарының докторы, профессор Данияр Кариев атындағы атаулы стипендияны тапсырған жұбайы Дана Қасымқызы.
  6. Академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Қойбақов атындағы атаулы стипендияны тапсырған профессор, техника ғылымдарының докторы Сейітхан Қойбақов.
  7. Техника ғылымдарының кандидаты, профессор Еділбек Омаров атындағы атаулы стипендияны тапсырған қызы, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Омарова.
  8. Техника ғылымдарының кандидаты Рахматулла Тұрғаналиев атындағы атаулы стипендияны тапсырған «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі доцент Ерғали Ахметов.
  9. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сенбек Шилібеков атындағы атаулы стипендияны тапсырған «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының диеркторы Кенжеғали Шилібек.
  10. з.ғ.д., профессор Әбдіманап Бектұрғанов атындағы сыйақымен марапаттаған «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. Мақсат Абаев.
  11. з.ғ.к. Отар Қағазов атындағы сыйақымен марапаттаған «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Жабайылдаева.
  12. з.ғ.д., профессор Нұралы Өсеров атындағы сыйақымен марапаттаған «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., Анар Бекенова.
  13. э.ғ.д., профессор Сатекбай Әуелбаев атындағы сыйақымен марапаттаған «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Айгүл Молдабекова.
  14. э.ғ.д., профессор Сатекбай Әуелбаев атындағы сыйақымен марапаттаған «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Диана Мұратова.
  15. Академик Клара Бұзаубакова атындағы атаулы сыйақымен марапаттаған Клара Бұзаубакова.
  16. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Әмірбек Орынбеков атындағы сыйақымен марапаттаған жұбайы Злиха Бексалова.
  17. Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, Тараз қаласының Құрметті азаматы, профессор Мұратбек Қасенов атындағы сыйақымен марапаттаған қызы Шолпан Қасенова.
  18. Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті атынан бір реттік стипендияны тапсырған гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Жамила Мамырханова.
  19. Ақпараттық технологиялар факультеті атынан бір реттік стипендияны тапсырған ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Гаухар Мұратова.
  20. Өнер жане спорт факультеті атынан бір реттік стипендияны тапсырған Дизайн жане сан индустриясы кафедрасынын меңгерушісі Айгүл Құдабаева.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.