Қалалық қоғамдық-саяси газет

Достыққа шақырған қойылым

0 30

Көрермен қауым 1976 жылы жарыққа шыққан «Зайка-зазнайка» қуыршақ мультфильмімен жақсы таныс.

Бұл қызықты әрі тәрбиелік мәні зор туынды Сергей Михалковтың балаларға арналған пьеасы бойынша жазылған. Жамбыл облыстық орыс драма театры аталған туындыны өз нұсқасында жаңаша ұсынып отыр. Бұл ретте авторлық сюжет толығымен сақталған. Қорқақ қоянға орманда өмір сүру қиынға соға бастайды. Себебі өзін қорғайтын тырнақтары да, қабыршақтары да жоқ, айналасында ашулы аш жыртқыштар көп.

Бірақ бір күні қоян ұйықтап жатқан аңшыға шабуыл жасап, мылтығын тартып алады. Қоян өзін орманның қожайыны сияқты сезіне бастайды. Ол түлкіні (Галина Соколова) қуып, үйіне (Ксения Майнашева) қоныстандырады. Қасқырды да қорқытып құрығына түсіреді. Қойылым түрлі қызықты әрі шытырман оқиғалармен өрбиді.

Қойылымдағы декорация суретші Айгерім Бүркібаеваның дебютті жұмысы. Режиссер Ольга Ізбасарова қойылымға дайындық өте жеңіл өткенін айтады. Туынды балаларға қуаныш сыйлап, оларды мақтаншақ болмауға, достықты қадірлеуге шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.