Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дипломмен ауылға – жастар үшін сенімді бастама

0 1  393

Елбасының бастамасымен ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға қолдау көрсету мақсатында, 2010 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына мемлекет тарапынан қолдау көрсете отырып, білікті кадр тапшылығын шешу.
Жоба шеңберінде ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 18-бабының 8-тармағымен регламенттелген.
Аталған баптың күші тек ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған және қалалық елді мекендерге қолданылмайды.
«Дипломмен ауылға» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде заңнамалық және нормативтік актілерге белгілі бір өзгерістер енгізілген.
2011 жылы түрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік несие мөлшері 630 еселік АЕК-тен 1500 еселік АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
2012 жылдан бастап әлеуметтік қолдау шаралары ветеринария мамандарына, ал 2014 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешен мамандарына ұсынылады.
2019 жылы көтерме жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Соңымен қатар, 2020 жылы ҚР ҰЭМ-нің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгеріс енгізіліп, әлеуметтік қолдау шаралары ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеде қолжетімді болды.
Ауылдық елді мекендердегі жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға екі бағытта қолдау көрсетіледі:
Бірінші: 100 АЕК (2022 жылы АЕК – 3 063 теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру, ағымдағы жылы – 306 300 теңге құрайды.
Екінші: қажеттілігіне қарай түрғын үй сатып алуға немесе салуға 0,01 пайыздық үстемемен 15 жылға дейін 1 500 АЕК немесе 4 594 500 теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие беру. Ал, әлеуметтік қолдау шараларын алған маман ауылдық елді мекенде үш жылдан кем емес жұмыс істеуге міндеттеме алады.
2021 жылы – 247 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға республикалық бюджеттен 1 071,2 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылып, 248 маманға бюджеттік несие беріліп толығымен игерілді.
Жергілікті (аудандық) бюджет есебінен 503 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 146,8 млн. теңге қарастырылып, есепті кезеңде 503 маманға 146,8 млн. теңге көтерме жәрдемақы толығымен ігерілді.
2022 жылға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 290 маман үшін 1 332,5 млн. теңге бюджеттік несие қарастырылып, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 45 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 204,3 млн. теңге несие берілді.
Жергілікті (аудандық) бюджет есебінен 507 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 155,9 млн. теңге қарастырылып, есепті кезеңде 203 маманға 62,3 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.