Қалалық қоғамдық-саяси газет

Динара Сәтжан туған күнін тоқырау жылындағыдай өткізді

0 332

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан Нұр-Сұлтанның төрінде «90 жылдар» стилінде өз туған күнін дүрілдетіп атап өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеш қонақтары 90 жылдардың дресс-кодымен киініп, сонау жас шақтарына саяхат жасағандай болды. Ең үздік образ иесі Динараның құрбысы Баян Алагөзова. Ол Динара үшін отбасын тастап Алматыдан арнайы ұшып келді.

Қонақтар қатарында танымал блогерлер мен стилистер болды.
Неге бұл стильді таңдағаны туралы Динара ханым өз инстаграмында былай дейді:
«Мен 90-шы жылдарды қатты сағындым. Достарыммен жақындарыммен сол жылдарға саяхат жасап қайттық.
Есімде, әкем сол жылдары бизнеске кетіп, жұмыстары алға өрлеген. Күлгін жейде мен Волга сатып алған кез. Жезқазған қаласының өзінде інім екеумізде плеер, тамагочи болатын.
«Руки Вверх», «Иванушки», «Парвиз Назаров»-тың аудиокассеталарын жинайтын едім»-дейді.

Кеш қонағы – Парвиз Назаров өзінің хит әндерімен кешті жандыра түсті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.