Қалалық қоғамдық-саяси газет

Димаш Қытайды тағы «жарып» жатыр

0 634

Димаш Құдайберген Қытайда Shine! Super Brothers музыкалық жобасына қатысып, тыңдармандарын тағы тәнті етіп жатыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Қазақтың аты әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайберген Қытайда Shine! Super Brothers телешоуында өнер көрсетті. Бұл жобада Димаш Stranger әнін шырқап, көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.

Бұл жоба бұған дейінгі жобалардан өзгерек. Өйткені жоба қатысушылары мұнда бәсекеге түспейді. Жобада бір-бірімен танысып, өз жетістіктері, сахнада неше жыл жүргені туралы әңгімелейді, содан кейін танымал шығармаларды орындайды.

Shine! Super Brothers жобасында Димаш Stranger әнін шырқады. Бұл әнді де ресейлік композитор Игорь Крутой жазған. Оны Димаш алғаш рет тамыз айында «Новая волна» байқауында айтқан, бірақ бұл жолы осы әнді өзгеше шырқады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.