Қалалық қоғамдық-саяси газет

Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атағына үміткер

0 137

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тағы да King Choice рейтингінде Азиядағы ең сымбатты ер адам атағына үміткер болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Екінші орында Димаш Құдайберген (1 290 408 дауыс), бірінші орында BTS тобының оңтүстіккореялық әншісі Ким Сокджин (1 973 428 дауыс) тұр. Әзірге үшінші орынға 967 161 дауыс жинаған тай актері Уин Метавин тұрақтаған.

Димаштың еуразиялық фан клубының коллажы/@dimash_eurasianfanclub

Димаш Құдайберген – рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Сонымен қатар, Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар.

Дауыс берудегі айырмашылық шамалы, сондықтан жағдай өзгеруі де мүмкін. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншіні қолдауды сұрап отыр. Мына сілтеме бойынша дауыс беруіңізге болады.

2020 жылы Димаш Құдайберген TC Candler 100 тізімінде жылдың ең сымбатты адамы атағына ұсынылған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.