Қалалық қоғамдық-саяси газет

Димашқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы неге берілмей жатыр?

0 1  437

Фольклортанушы, этномузыкатанушы, әнші, күйші, жыршы, тәжірибелі педагог Берік Жүсіпов «Димашқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру керек» деп есептейді. Бұл жайлы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. 

Қазақстанға сіңірген ерекше жетістігі үшін берілетін «Қазақстанның Еңбек Ері» деген атақ бар. Осы алтын жұлдыз Димаш Құдайбергенге берілу керек. Иә, оны «әлі жас қой» дейтіндер де табылады. Жоқ, Димаш жас емес, тіпті, жас болып көрген емес. Өнер арқылы қазақты дүние жүзіне танытудың тура жолын тапқан құбылысты дер кезінде бағалай алмау – қылмыс! Қазір әлемде Димаштың есімі қазақ сөзінің синонимі ретінде қабылданады. Біз сияқты аз ұлтқа одан артық не керек, Сіз қалай ойлайсыз, отандас? — дейді ол жазбасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.