Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дерек пен дәйек

0 327

Әлемдегі ең танымал банкнота – АҚШ-тың 100 доллары.
***
Дүниежүзіндегі ең көп таралған валюта – франк.
***
Қағаз ақша алғаш Қытай мемлекетінде пайда болды.
***
Ең алғашқы банкомат 1939 жылы Америкада жасалды.
***
«Банк» сөзі итальян тілінен аударғанда, «үстел» дегенді білдіреді.
***
Австралияда 10 долларды екіге бөліп, әрбір жартысын 5 доллар ретінде пайдалануға болады.
***
Ең ауыр тиын (монета) Швецияда жасалды, оның салмағы – 19 келі.
***
Ең тұңғыш банк 1472 жылы Италияда ашылды. Бұл банк қазір де жұмыс істеп тұр.
***
Американың 4 доллары Зимбабве елінің 10 миллион ақшасымен тең.
***
Ұлыбританияда 1 миллион фунт стерлингті құрайтын қағаз банкнота бар.
***
Африкада ақша ретінде малды қолданған.
***
Әйгілі доллар белгісі «$» АҚШ мемлекеті құрылмай тұрып, мексикалық песоның белгісі болған.
***
Ежелгі адамдар ақшаның орнына тас, кептірілген балық, күріштің дақылдары, жүгері қолданды.
***
Қағаз ақшада 100 мыңға дейін микробтар болуы мүмкін.
***
Колумбиялық есірткі королі Пабло Эскобар орманда полициядан жасырынып жүргенде, жылыну үшін 2 миллион долларды жағып жіберген.
***
1918 жылы Американың Федералдық Банкі телеграф арқылы тұңғыш рет ақша аударымын жасады. Сөйтіп, адамзат электрондық ақша дәуіріне көше бастады.
***
Америка Құрама Штаттарында ақшаға тірі адамның бейнесін қоюға тыйым салынғаны туралы заң бар.
***
Планетадағы адамдардың үштен бірі күніне 2 долларға ғана өмір сүреді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.