Қалалық қоғамдық-саяси газет

Денсаулық сақтау саласында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы қалай орындалуда?

0 194
«БІРІНШІ БАЙЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ», – деген дана қазақ халқының сөзі бар. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қалай арттырамыз? Ол үшін не істеу керек? Біздің облысымызда «Дені сау ұлт» жобасы қалай іске асуда? Денсаулық сақтау саласында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы қалай орындалуда?
Осы сұрақтар белгілі дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабековпен болған кездесуде (канвассинг) жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Кездесуге Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы қатысты.
Жамбыл облысында денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 22,0 млрд. теңге бөлініп, қаңтар-тамыз айларында 11,7 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 3,8 млрд. теңге бөлініп, 1,9 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,6 млрд. теңге (оның ішінде РБ – 4,1 млрд. теңге, ЖБ – 0,5 млрд. теңге) қарастырылған.
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында қан айналымы жүйесінің аурулары, нашақорлық деңгейінің төмендеуі байқалады. Қант диабеті, туберкулез, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар, сифилис ауруларының өсуі байқалады. Өкінішке орай, Байзақ, Меркі және Талас аудандарында, Тараз қаласында ана өлімінің 4 жағдайы тіркелді.
Сағындық Ордабекұлы кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға байланысты өз ойларымен бөлісті. Мысалы, біріншіден, аурудың алдын-алу жұмыстары соңғы жылдары нашар орындалуда. Халықпен түсіндіру және ақпараттандыру іс-шаралары дұрыс жүргізілмейді. Екіншіден, еңбек рыногында бәсекеге қабілетті, сапалы медициналық кадрлар даярлау керек. Үшіншіден, медицина саласындағы инфрақұрылым дамытуды қажет етеді.Төртіншіден, пандемия кезінде сабырлық, тәртіп, жауапкершілікті, бірлік пен ынтымақтастықты сақтай отыра, жаппай екпе салдыруымыз қажет.
Кездесу соңында Сағындық Ордабекұлына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында киелі Әулиеата тарихы мен мәдениетіне арналған кітаптарымды сыйладым.
Арыс Алмасбек, Байтерек Бәйтерек и ещё 50
Комментарии: 4
Поделились: 4
Нравится

 

Комментировать
Поделиться
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.