Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігерлер қант диабетінің алғашқы белгілерін атады

0 1  413

Қандағы глюкозаның жоғарылауы немесе төмендеуі қант диабетін тудырады. Аурудың алғашқы кезінде шаршау және көңіл-күйдің өзгеруі байқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Rocbalt.ru сайтына сілтеме жасап.

Глюкоза деңгейі неғұрлым жоғары болса, адам соғұрлым тез шаршағыш келеді. Бұл – қант диабетінің алғашқы көрінісі. Көңіл-күй күрт өзгеріп, тітіркенудің басталуы ағзадағы глюкозаның жоғарылауының белгісі болуы мүмкін, бұл қан тамырларының жұмысын бұзады.

“Глюкоза – денедегі энергия көзі. Сондықтан глюкоза қалыпты мөлшерде болуы тиіс. Алайда тәттілерге деген шектен тыс ұмтылыс қандағы қант деңгейінің ауытқығанын білдіреді” – деді мамандар.

Қандағы глюкоза жоғарылағанда, көру линзасын зақымдалып, көз ісінуі мүмкін. Нәтижесінде көз торлары бұзылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.