Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәмханада үш адамды пышақтаған күдікті өз-өзіне қол салды

0 1  531

11 маусымда Петропавлдағы дәмханалардың бірінде демалушылар арасында жанжал шығып, салдарынан қаланың үш тұрғынын екі адам пышақтап кеткен деп хабарлады turkystan.kz.        

Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен 29, 32 және 34 жастағы қала тұрғындары ауруханаға жеткізілді. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер 35 пен 43 жастағы күдікті екі ер адамды анықтады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің құрамымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Алдын ала тергеу барысында Петропавлдағы дәмханалардың бірінде демалушылардың арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Күдіктілердің бірі Петропавл қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында суицид жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.