Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дүлдүлдер туған Доңыз жылы

0 255

VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұд Қашқаридың еңбектерінде кездесетін халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар.

Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі де жоқ емес. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды. Жыл басын көруге талас туындаған сәттен қазақ ертегісінде доңыздың да алар орны ерекше. Аңыз-әпсаналарда айтылған дерек бойынша келер жылы доңыз жылы оныншы мүшелге енбек.
Доңыз жылы қандай болады және одан не күтеміз?
Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл бірінші қаңтардан басталмайды – мысалы, жаңа 2019 жыл тек бесінші ақпанда кіреді. Григориан күнтізбесі бойынша 2019 кібісе жылға жатпайды (басқа жылдарда 365, кібісе жылында 366 күн болады).
Доңыз өте еңбекқор, табанды әрі өжет жануар ретінде сипатталады. Бұл ілгері басу жылы болады деп сенімді түрде айта аламыз.
Жаңа 2019 жыл біреулер үшін кәсіп ашып, оны дамытуда жемісті болмақ, ал енді біреуге жұмысын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Доңыз жылы кейбіреулерге махаббат майданында айтарлықтай қиындық тудырады. Арадағы түсініспеушілік біржола айырылысуға әкеліп соқтыруы мүмкін, алайда бұл жаңа сапалы әрі тұрақты жұп құрудың бастауы болмақ.
2019 жыл саяхат жасап, демалуға қолайлы екенін назарда ұстаңыз.
Қаржы мәселесіне қатысты айтсақ, 2019 жыл едәуір тұрақты болады деген болжам жасалып отыр. Бірақ қаржыны есеппен жұмсау керек. Қымбат заттарды сатып алуды, салым жасауды келесі жылға қалдырған дұрыс.
2019 жылы денсаулығыңызды күтуге көңіл бөліңіз, өйткені бұған дейін қатты шаршап, күйзеліске түскен болсаңыз, ағзаңыз сыр беруі мүмкін. Егер денсаулықты түзеуге мүмкіндік болса, оны міндетті түрде пайдалану керек.
Өткен жылдың қамқоршысы Ит секілді Доңыз да салмақты, демек, бұл жыл да тыныш әрі бір қалыпты өтеді деуге негіз бар. Доңыз жылында келіспеушілік пен ұрыс-керіс аз болады.

2019 жылдың түсі

Біз жаңа 2019 жылдың символының атауында «сары» және «жер» сөздері жиі аталатынын анықтадық, сондықтан қоңыр, кофе, жасыл, сұр және сары реңктерге артықшылық беру керек.

Доңыз жылын қалай қарсы алу керек?

Алдағы жылды туған-туыс пен жақын адамдарыңның ортасында қарсы алған жөн. Жаңа жыл түні үшін сары-қоңыр немесе қызғылт реңкті таңдаған дұрыс. Сондай-ақ, сары алтыннан жасалған әшекейлер өте жарасымды болмақ.
Үйді және жаңа жылдық шыршаны сәндегенде де осы түстерге басымдық беру керек. Доңыз жылында сары дастарқан жайып, тәтті тағамдардың түр-түрін: түрлі салаттар, тағамдар, десерттер пісіріңіз. Жаңа жылда дастарқанға тауық, сиыр етін қойсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Әрине, ешқандай шошқа еті болмауы тиіс.

Сан мен сапа артады

Жалпы, доңызды қазақ онша таза емес жануар деп қабылдағанымен оның атын иеленген жылдан мол үміт күтеді екен. Бабаларымыз Доңыз жылын тіршілікке өте жайлы жыл болады деп сипаттайды. Өзге халықтарда да осындай ұғым қалыптасыпты. Адал жолмен жүріп, тынбай еңбек еткен, алға басуда табандылық танытқан жандарға жылдың берері мол болады дейді. Отбасын құратындар қатары артып, өмірге балалар көбірек келетінін айтады. Қай істе болмасын санмен қоса сапа да артады, ал келіспеушілік, дау-дамай, ұрыс-керіс деген жайсыздықтар азаяды екен. Адамзат баласы үшін керегі де осы емес пе?

Ғасырда бір…

Доңыз жылында дүниеге кімдер келді?

1911 жылы – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжолов туылған. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады.
1923 жылы – актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі Бикен Римова дүниеге келген. Театрды бала кезінен ұнатқан ол драмалық үйірмелерге қатысып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының болашақ әртісіне Қалибек Қуанышбаев, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков сияқты қазақ драмалық өнерінің шеберлері көп әсерін тигізді.
1935 жылы – Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері, көрнекті публицист, сатирик Ғаббас Қабышұлы дүниеге келді.
1947 жылы – мемлекет қайраткері, Заң ғылымдарының кандидаты Жармахан Тұяқбай өмірге келген.
1959 жылы – 25 қазанда боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы, Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы Серік Қонақбаев туылған.
1971 жылы – 10 желтоқсанда жерлесіміз, кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Дулыға Ақмолда өмірге келді.
1983 жылы – Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 14 наурызда Тараз қаласында өмірге келген. Боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, І дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
1995 жылы – Дмитрий Игоревич Баландин 4 сәуірде Алматы қаласында туған. Қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы.
Сонымен қатар, әріптесіміз, «Jambyl-Taraz» қалалық газетінің журналисі, жас ақын Арайлы Жақсылық та доңыз жылы 1995 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген.
Доңыз жылы туған бұл тұлғалардың барлығы да тарих төрінен, халық жүрегінен жылы орын тапты. Тарих қайталанады дейді. Сондықтан, келіп жеткен жаңа доңыз жылы қазаққа тағы бір қайсар тұлғаны сыйлайды деген сенім бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.