Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-19 эндемиялық инфекцияға айналып жатыр – ДДСҰ

0 263

  Коронавирус бірте-бірте эндемиялық инфекцияға (белгілі бір аймаққа тән – авт.еск.) айналып жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шұғыл аурулар бөлімінің техникалық тобы жетекшісі Мария ван Керкхове айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйым сарапшысы пандемияны болжау қиындап бара жатқанын айтты. Өйткені вирус мутацияға ұшырап, өзгеріп жатыр.

«Вирус эндемия сипатына айналып жатыр. Бұл анық. Дегенмен қазір пандемия белең алып тұр: сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп барады, оған қоса елдердің денсаулық сақтау жүйесіне де ауыртпалық түседі. Ол кезеңге әлі жеткен жоқпыз», – деді сарапшы.

Ван Керкхове елдер вирусқа қарсы әртүрлі тәсілмен күрес жүргізетінін, сондықтан COVID-19 пандемиясы қалай дамитынын болжау қиын екенін айтты.

«Тұмау және басқа да маусымдық инфекциялар сияқты болжам жоқ. Мүмкін оны жасармыз, бірақ қазір емес», – деп түсіндірді жұқпалы аурулар маманы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.