Қалалық қоғамдық-саяси газет

БЖЗҚ зейнетақы жинағының 50 пайызын пайдалану туралы ұсыныс айтты

0 1  901

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қоғамдық кеңесі салымшылардың зейнетақы жинағындағы активтерін басқарушы компаниялардың жарғылық және меншікті капиталына жоғары талаптар қоймауды ұсынады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қордың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, қоғамдық кеңес Ұлттық банктің зейнетақы активтерін жеке компанияларға инвестициялық басқаруға беру идеясын қолдап отыр.

Нақтырақ айтсақ, басқарушы компаниялардың жарғылық және меншікті капиталына жоғары талаптар қоймауды ұсынады. Бастапқы кезеңде мұндай басқарушы компанияларды БЖЗҚ іріктесе, кейін оларды таңдау құқығын салымшылардың өздеріне құқық беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қазақстандық бағалы қағаздардың тізбесін тікелей анықтауды ұсынады. Басқарушы компаниялар тәуекелдерді болдырмау үшін өтімді нарықтарға еркін инвестициялау мүмкіндігіне ие болады.

«Барлық салымшыларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өздері таңдаған инвестициялық портфельді басқарушыларға ең төменгі жеткіліктілік шегі бойынша шектеусіз аудару құқығын беру жоспарланып отыр. Өйткені инвестициялық портфельді басқарушыны ауыстыру кезінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша алынбайды. Ал портфелді басқарушы компанияның салымшы активтерін инвестициялауды әртараптандыру және олардың кірістілігін арттыру жөніндегі мүмкіндіктері кеңейтіледі», – делінген қоғамдық кеңес ұсынған жоба таныстырылымында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.