Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бюллетеньмен суретке түсу заңбұзушылық болып санала ма?

0 171

Сайлаушылар бюллетеньмен селфи жасағаны үшін жауапкершілікке тартыла ма? Аталған мәселе төңірегіндегі сұрақтарға Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жауап берді.

«Мұндай жағдайлар орын алса, мәселе прокуратурамен бірлесіп қаралады. Егер сурет жеке пайдалану үшін жасалса және ғаламторда орналастырылмаса, бұл сайлаушының өз жұмысы. Ал селфи әлеуметтік желіде жарияланса, оқиғаны бірнеше жайтқа қарап қарастыруға болады. Мәселен, бюллетень таза болса, ештеңе етпейді. Құжатқа белгі қойылған болса, белгілі бір жағдайларда бұл сайлау күніндегі үгіт-насихатқа теңестірілуі мүмкін. Сондықтан әр жағдайға ерекше қарау керек. Мұндай жағдайды сайлау комиссиясының өзі емес, прокуратура қарастырады» – дейді маман.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.