Қалалық қоғамдық-саяси газет

«British Counsil» – берері мол бастама

0 244

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» облыстық филиалында «British Counsil» пилоттық жобасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Конференция жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының басқарма төрағасы Әсел Мухаметжанова ашып берді.

Келесі кезекте сөз алған басқарма төрағасының кеңесшісі Нұрсұлу Сүлейменова қатысушыларды пилоттық жобамен таныстырып өтті.
Сонымен қатар іс-шараға филиал директорының міндетін атқарушы Цой Наталья, директордың орынбасары Шынар Тайганбекова, қаланың ағылшын тілі мұғалімдері офлайн форматта және облыстың 26 мұғалімі онлайн түрде қосылды.
Осы жерде айта кететін жайт, ағымдағы жылдың 18 қазанынан бастап ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау тестінен сәтті өткен мұғалімдердің бірінші легін оқыту басталды. Оқыту «Online Teacher Community Platform» онлайн платформасында негізгі қызметтен қол үзбей қашықтан жүргізіледі. Жамбыл облысынан жобаға 36 педагог қатысады.
Жобаның негізгі мақсаты – ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру. Курс мұғалімдердің тілдік құзыретін және жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастырудағы кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл жоба Қазақстан, Грузия, Украина, Өзбекстан, Армения және Әзірбайжан сияқты алты ел қатысатын Британ кеңесінің халықаралық жобасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама 10 аптаға есептелген 5 модульді қамтиды. Оқыту ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады.
Іс-шара соңында басқарма төрағасының кеңесшісі қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тиімді кері байланыс алаңы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.