Қалалық қоғамдық-саяси газет

Боксшы жарақатына қарамай аюмен арпаласып, оны мерт қылды

0 84

Ресей Федерациясының Түмен облысында жас боксшы ауыр жарақат ала тұра досын талап кеткен аюмен арпалысып, оны пышақтап өлтірді, деп хабарлайды»Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

12 қазанда 48, 41 және 23 жастағы үш ер адам Ертістен балық ұстап, үйге қайтып келе жатқан. Біреуі қайықты жағаға шығарып жатқанда екеуі жоғары қарай көтеріліп кетті.

Бір кезде «Аю!» деген дауыс шықты. Артынша оқ атылды. Қайықтың жанында қалып қойған балықшы жүгіріп барса, 48 жастағы жолдасы жерде жатыр. Аю оны талап тастаған. Жігіт ашулы аюға оқ атып, артынан пышақпен бауыздаған.

Ресейдің тергеу комитеті таратқан мәліметке сәйкес, аю 23 жастағы ер адамның басына және қол-аяғына тырнағымен ауыр жарақат салған. Соған қарамастан, ол пышақты жанды жеріне сұғып, жабайы жануарды өлтірген.

Үшінші балықшы зардап шеккен жоқ. Осы оқиғадан кейін ол жарақат алған жігітті ауруханаға жеткізді.

Shot телеграм-арнасы аюды өлтірген жас жігіттің боксшы екенін хабарлады. Аты – Илья Медведев. Ол бокстан спорт шебері. Ресей чемпионаты және басқа да федералдық турнирлерге қатысқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.