Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бізде барлығы көзбаяушылық үшін жасалады»: Әбдіқалықованың спорт кешеніндегі фотосы жұрттың күлкісін келтірді

0 146

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданына барған кезде түсірілген фото әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімнің баспасөз қызметі жариялаған жұмыс сапары кезінде түсірілген суреттердің бірі қазақстандықтардың күлкісін келтірді.

Суретте Гүлшара Әбдіқалықованың шахмат ойнаған балаларды бақылап тұрғанын көруге болады. Бұл суреттің бір көргенде әбестігі жоқ болып көрінуі мүмкін. Бірақ желі қолданушылары шахмат фигураларының дұрыс қойылмағанын байқап, көзбояушылықты келемеж етті.

“Гроссмейстерлер инфарктқа ұшыраған шығар”, “Біздің елде барлығы көзбаяушылық үшін жасалады”, “Мына суреттен бүкіл Қазақстанның бейнесін көруге болады”, “Сіздер күлесіздер, мүмкін екі піл мен екі ат бірге тұрғысы келген шығар”, – деген пікірлер жазған желі қолданылушылары.

Шиелі ауданы Нартай Бекежанов ауылында жаңадан пайдалануға берілген спорт кешенінің директоры Жарқынбек Есенбайұлы осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Үйірмелерді таныстыру барысында шахмат бөлмесіне де кірдік. Ауылымыздың балалары келіп, шахмат фигураларының орналасуы және шахматты қалай ойнайтыны туралы сұрап отырған болатын. Облыс әкімі бізге шахмат фигураларының дұрыс орналаспағанын айтты. Балалардың бүгіннен бастап спорт кешеніне келіп, шахмат үйрену үшін сабақ алып жатқанын айттым», – дейді спорт кешенінің директоры.

Оның айтуынша, фотода балалар шахмат ойнап отырған жоқ, енді ғана танысып отыр.

«Бұл жерде ешқандай көзбояушылық емес. Барлық жағдай шынайы, ауылдастарымыз үшін жасалған. Әртүрлі әлеуметтік желіге жазбаны таратып, негативке айналдырып, жазбаның астарынан басқа мәселені іздеудің қажет жоқ», – деді ол.

Спорт кешенінің директоры желідегі жазбаға ауыл тұрғындарының да намыстанып жатқанын айтты.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары суретке қатысты «елімізде барлығы фото үшін істеледі», «бір фотодан Қазақстанды көруге болады» деген секілді пікірлер жазып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.