Бүгінгі күні Жамбыл облысында 78% елді мекен газбен қамтылып, газбен қамту деңгейі халық санымен 91,3% құрап отыр. Яғни, 371 елді мекеннің 288-де табиғи газ қосылған.
2024 жылы облыс бойынша Қордай ауданының 3 елді мекеніне табиғи газ жүргізіліп, облыс халқының газбен қамтылу деңгейі 91,3% жетті.
2025 жылы, 9 елді мекен табиғи газбен қамтылып, облыстың газбен қамту деңгейін халық санымен 91,8%-ға жеткізу көзделуде.
Облыста Сарысу ауданының 14 елді мекенін газбен қамту үшін «Еврохим-Қаратау» және Шу ауданының 18 елді мекенін газдандыру үшін «Шу» автоматты газ тарату станцияларының құрылысы жүргізілуде. Жалпы құны – 41,9 млрд теңге.
Облыстың жалғыз газбен қамтылмаған Мойынқұм ауданының елді мекендерін газдандыру жобасы басталып, 9 елді мекеннің бастапқы 3 ауылына (Айдарлы, Бірлік, Биназар) газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны – 18,5 млрд теңге.