Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биылғы жылдың басты оқиғалары

0 511

Барыс жылы тарихтың қойнауына еніп, қоян жылы есігімізден енді. Өткен жыл тау тұлғалардың торқалы тойларымен есте қалғаны көпшілікке мәлім. Қоян жылы да мұндай айтулы күндер аз емес. Бүгін солардың бірқатарына шолу жасамақпыз.

Құрастырған Қырғызәлі Тілеуұлы

1. «Қасіретті қаңтар» оқиғасына – 1 жыл (5-7 қаңтар, 2022 жыл).
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясының қабылданғанына – 30 жыл (1993 ж.)
3. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик, ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайтыс болғанына – 30 жыл (22.08.1993 ж.).
4. Қазақстан Республикасының Президенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі дипломат, саяси ғылымдар докторы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – 70 жаста (17.05.1953 жыл).
5. Жаңарған Наурыз мерекесінің тойлана бастағаны- на – 35 жыл (1988 жыл, Алматы қаласы).
6. Ұлттық теңгенің қолданысқа енгеніне – 30 жыл (15 қараша 1993 жыл).
7. Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күшінің құрылғанына – 30 жыл (2 сәуір, 1993 жыл).
8. Астана қаласына – 25 жыл (6 шілде, 1998 жыл).
9. Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алғашқы съезінің өткеніне 20 жыл толады. Бірінші съезд 2003 жылы Астана қаласында өткен.
10. Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс батыр бастаған жоңғарларға қарсы болған қазақ тарихындағы атақты Орбұлақ шайқасындағы жеңіске – 380 жыл (1643 жыл). Бұл шайқаста тұңғыш рет мылтық қолданылған.
11. Қазақ жастарының тұңғыш съезінің өткеніне – 105 жыл. 1918 жылы Омбы қаласында өткен. Смағұл Садуақасов «Мағжан – қазақ жастары ой-санасының әміршісі» деген қанатты сөз осы жиында айтылған («Ана тілі» №26, 2013 ж.).
12. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы КазПИ) құрылғанына – 95 жыл (1 қазан, 1928 ж.). Алғашқы ректоры – Санжар Жапарұлы Аспандияров (1928-1931 жылдары).
13. Қазақстанда тұңғыш республикалық айтыстың ұйымдастырылғанына – 80 жыл (желтоқсан, 1943 жыл, Алматы қаласы).
14. Қазақ футболына – 110 жыл (1913 жылы тұңғыш «Ярыш» футбол командасы Семейде құрылған. Алғашқы құрамында М.Әуезов ойнаған).
15. Қызыл Армияның құрылғанына – 105 жыл (23 ақпан, 1918 ж.).
16. Ұлы Отан соғысындағы Сталинград шайқасына – 80 жыл (2 ақпан, 1943 жыл).
17. Бұрынғы Бүкіл Одақтық Лениншіл Жастар Одағының (ВЛКСМ) құрылғанына – 105 жыл (29 қазан, 1918 ж.).
18. Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты «Амангелді» көркем фильмінің түсірілгеніне – 85 жыл (1938 жыл). Режиссері – Моисей Левин, сценарий авторлары – Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, басты рөлді орында- ған – Елубай Өмірзақов.
19. Қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі «Менің атым Қожа» фильмінің экранға шыққаны- на – 60 жыл (1963 ж.).
20. Қасиетті Ордабасы биігінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің Президенттері Н.Назарбаев, И.Каримов, А.Ақаевтардың татулықтың Туын көтерген тарихи кездесулеріне – 30 жыл (1993 ж.).
21. Халықаралық «Арал қорының» құрылғанына – 30 жыл (1993 ж.).
22. Түрік Республикасының құрылғанына – 100 жыл (29 қазан, 1923 ж.).
23. Қазақ телеарнасына – 65 жыл (8 наурыз, 1958 ж.).
24. Жамбыл ауданының құрылғанына – 95 жыл (1928 ж.).
25. Сарысу ауданының құрылғанына – 95 жыл (1928 ж.).
26. Меркі ауданының құрылғанына – 95 жыл (26.10.1928 ж.).
27. Талас ауданының құрылғанына – 95 жыл (1928 ж.).
28. Жуалы ауданының құрылғанына – 95 жыл (1928 ж.).
29. Қордай ауданының құрылғанына – 95 жыл (17.01.1928 ж.).
30. Байзақ ауданының құрылғанына – 85 жыл (1938 ж.).
31. Т.Рысқұлов ауданының құрылғанына – 85 жыл (1938 ж.).
32. Қаратау қаласына – 60 жыл (1963 жыл) .
33. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне – 60 жыл (1958 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты болып ашылған).
34. Дүлдүл әнші, аты аңызға айналған композитор Кенен Әзірбаев әндерінің республикалық «Шырқа, дауысым!» дәстүрлі ән байқауына – 15 жыл (қыркүйек, 2008 жыл).
35. Жамбыл облыстық ауруханасының ашылғанына – 150 жыл (1873 ж.).
36. «Ақбақай» алтын кен орнының ашылғаны- на – 55 жыл (1968 ж.) Бес ғасырға жететін алтын кен орнын ашқан – геолог, Мемлекеттік сыйлық- тың лауреаты Дубек Дүйсенбеков.
37. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының құрылғанына – 55 жыл (1968 ж.).
38. Әдеби-танымдық «ЖАМБЫЛ» журналының шыға бастағанына – 20 жыл (2003 жыл).
39. Облыс ардагерлерінің «Ғұмыр-дария» газетінің алғашқы санының шыққанына – 10 жыл (5 маусым, 2013 жыл).
40. Халықаралық Тараз инновациялық институтының ашылғанына – 15 жыл (28.12.2008 ж.).
41. Атақты Бейбарыс сұлтан (Жамақұлы) бабаның туғанына – 800 жыл (1223-1277). Ол түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Байбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әртүрлі деректер айтылып, бірі Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері «маңғыс- таулық еді» дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Байбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы «Байбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі Әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген.
42. Атақты Төле би Әлібекұлының туғаны- на – 350 жыл (1663-1756 ж.).
43. Даңқты Әбілхайыр ханның туғанына – 330 жыл (1693-12.08.1748 жж.).
44. Бұхар жырау Қалқаманұлының туғаны- на – 320 жыл (1693-1787 ж.).
45. Атақты батыр, ақын, әйгілі шешен Сырым Датұлының туғанына – 300 жыл (1723-1802 ж.).
46. Азаттық үшін күрестің қаһарманы Жауғаш батырдың туғанына – 290 жыл (1733-1782 ж.).
47. Ұлт-азаттық күрестің қаһарманы, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл (1803-1846).
48. Қазақтың аты алысқа кеткен төкпе ақыны Шал ақынның (Тілеуке Құлекеұлы) туғанына – 275 жыл (1748-1819 ж.) Көкшетау өңірінде дүниеге келген.
49. Дәулескер күйші, атақты композитор, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлының дүниеге келгеніне – 190 жыл (1823-1889 ж).
50. Жырау, ақын, діни қайраткер Шортанбай Қанайұлының туғанына – 205 жыл (1818-1881 жж.), Қаратау өңірінде туған, Қарағанды облысы Шет ауданында қайтыс болған).
51. Қорқыттан кейінгі қыл қобыздың абызы Ықылас Дүкенұлы – 170 жыл (1843-1916).
52. Дара туған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына – 165 жыл (1858-1931 жж.).
53. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл (23.07.1858-02.11. 1931 жж.). «Халық жауы» ретінде атылып, 1988 жылы толықтай ақталған).
54. Халық композиторы, әнші, ақын Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына – 160 жыл (1863-02.03.1931 ж. «Халық жауы» болып атылған. 1990 жылы толықтай ақталған).
55. Айбоз әнші, дарабоз композитор Ақан сері Қорамсаұлының (Ақжігіт) туғанына – 180 жыл (1843-1913 ж.).
56. Жауырыны жерге тимеген даңқты балуан, қазақ ұлттық цирк өнерінің негізін қалаған Қажымұқан Мұңайтпасовтың дүниеге келгені- не – 140 жыл (7.04.1883-1948 жж.).
57. Дүлдүл әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына – 135 жыл (1888-06.11.1934 ж., ШҚО, Қайнар ауылында туған). 1925 жылы 37 жасында Парижде ән шырқаған. 1934 жылдың 5-інен 6-ысына қараған түні түнгі сағат үште халық әншісі Ә.Қашаубаевтың өлі денесі опера театрының маңынан табылған. 7 қараша күні қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібек» қойылған күн қазақтың арыс әншісі Әміренің азалы күнімен алмасып жатты.
58. Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың туғаны- на – 125 жыл (18.10.1893-1938 жж.).
59. Атақты актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абайдың театрдағы бейнесін алғашқы сомдаған Қалыбек (Қалибек) Қуанышбаевтың туғанына – 130 жыл (1893- 1968 ж).
60. Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш арысы Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғаны- на – 125 жыл (1898-25 ақпан, 1938 жж.).
61. Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш арыстарының бірегейі Жанайдар Садуақасовтың туғанына – 125 жыл (1898-25.02.1938 ж.).
62. Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш арысы Қабылбек Сарымолдаевтың туғанына – 125 жыл (20.02.1898-28.02.1938 жж.).
63. Алаш арыстары Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтердің қайтыс болғандарына – 85 жыл (1938 жыл).
64. ҰОС ерен ерлік иесі атанған атақты мерген, Қазақстанның Халық қаһарманы, аға сержант Ыбрайым Сүлейменовтің туғанына – 115 жыл (1908-1943 ж.).
65. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жылдар Қазақ ССР Байланыс министрі Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаевтың туғанына – 115 жыл (1908-20.09.2000 ж.).
66. Жалынды ақын Тайыр Жароковтың туғанына – 115 жыл (26.09.1908-11.03.1965 ж.) Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жетібай ауылында туған.
67. Қазақтың аса көрнекті композиторы, дирижер, қоғам қайраткері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Мұқан Төлебаевтың туғанына – 110 жыл (13.03.1913-07.04.1960 ж.). 47 жасында Алматыда қайтыс болған.
68. Қазақ халқының айтулы ақыны, драматург, аудармашы, сыншы Қалижан Бекқожиннің туғанына – 110 жыл (15.12.1913-02.10.1990 ж.).
69. Қазақстанның Халық қаһарманы, даңқты партизан, жауынгер-жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына – 105 жыл (23.04.1918-30.12.2007 ж.).
70. Ұлы Отан соғысының ардагері, детектив жанрындағы белгілі қазақ жазушысы Кемел Тоқаұлы Тоқаевтың туғанына – 100 жыл (1923-1986).
71. Қазақстанның Халық суретшісі, театр және кино суретшісі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Платинді Тарлан» сыйлығының лау- реаты Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылованың туғанына – 100 жыл (15.12.1929-12.05.2013 ж.). Шын есімі – Күлпәш Таңсықбайқызы Қоңырбаева. Кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған.
72. Дәулескер күйші, композитор, әйгілі Сүгір Әлиевтің шәкірті, ҰОС ардагері, шертпе күйдің шын шебері Төлеген Момбековтің туғанына – 105 жыл (1918- ——, Созақ ауданы, Сызған ауылы).
73. Қазақтың көрнекті жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына – 100 жыл (25.10.1923-25.09.1994 жж.).
74. Атақты театр және кино актрисасы, Қазақ КСР-інің Халық әртісі (1966) Бикен Ырымқызы Римованың туғанына – 100 жыл (01.01.1923-01.01.2000 жж.) Алматы облысы, Қаратал ауданы, Қанабек ауылында туған.
75. Көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымдары- ның докторы, профессор Төлтай Балақаевтың туғанына – 100 жыл (13.04.1923-30.11.2017 жж.).
76. Қырғызстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 95 жыл (12.12.1928-10.08.2008 жж.).
77. Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамбетжановтың туғанына – 95 жыл (24.12.1928-2001 ж.).
78. Талантты театр әртісі, дарынды режиссер, Қазақ ССР-нің Халық әртісі Райымбек Сейітметовтің туғанына – 85 жыл (02.03.1938-03.11.2007 жж.).
79. Қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әнуар (Әнуарбек) Молдабековтің туғанына – 85 жыл (20.05.1938-09.08.1985 жыл). Алматы облысы, Іле ауданында туған, 47 жасында қайтыс болған).
80. Аса дарынды жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лау- реаты Оралхан Бөкейдің туғанына – 80 жыл (28.09.1943-17.05.1993 жж.) Үндістан, Дели қаласында қайтыс болып, Алматыда жерленген).
81. Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбековтің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі- не – 80 жыл (1943).
82. Белгілі жазушы, айтулы журналист, аудармашы, публицист, Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының академигі, Халық- аралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті болған Серік Әбдірайымұлының туғанына – 80 жыл (05.05.1943-26.10.2009 жж.).
83. Даңқы жаттықтырушы, Қазақстанда допты және көгалдағы хоккейдің негізін қалаушы, КСРО және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Эдуард Фердинандович Айрихтың туғанына – 105 жыл (20.11.1918-18.01.1993).
84. Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан партия, кеңес және кәсіподақ саласының ардагері Әжібай Әпсеметовтің туғанына – 100 жыл (1923- 03.04.1986 жж.).
85. Белгілі кино режиссері, сценарист, «Қыз Жібек» кинофильмінің қоюшы режис- сері Сұлтан (Сұлтанахмет) Қоңырқожаұлы Қожықовтың туғанына – 100 жыл (10.03.1923-1988 жж.).
86. Аса дарынды театр және кино актері, режиссер, Қазақ КСР-нің Халық әртісі (1966), Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрмұхан Сейітахметұлы Жантөриннің туғанына – 95 жыл (22.04. 1928-02.05.1990 жыл, Атырау облысы, Махамбет ауданында туған).
87. Жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әкім Тарази (Әкім Уратайұлы Әшімов) – 90 жаста (03.10.1933 ж.).
88. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтің туғанына – 85 жыл (12.10.1938 ж.-16.08.2014 ж.).
89. Талантты жазушы, белгілі әдебиет сыншысы, драматург, «Қыз Жібек» фильмі сценарис- терінің бірі Асқар Сүлейменовтің туғанына – 85 жыл (29.12.1938-1992 ж.).
90. Айтулы композитор, Қазақстанның Халық әртісі (1991) Әсет Бейсеуовтің туғанына – 85 жыл (13.10. 1938-20.03.1996 жж.).
91. Қазақтың даңқты балуаны, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Рес- публикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбілсейіт Айхановтың туғанына – 85 жыл (15.04.1938-06.03.2016 жж.) Алматы облысы, Сарқан ауданында туған.
92. Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, шығыстанушы-ғалым Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – 80 жыл (1.01.1943 ж.)
93. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шешенстанның Халық батыры, ақын, жазушы Рафаэль Ниязбековтің туғанына – 80 жыл (24.03.1943-20.09.2021 жж.).
94. Мемлекет және қоғам қайраткері, техника және саяси ғылымдар докторы, дипломат, атақты «Дос-Мұқасан» ансамблінің алғашқы мүшелерінің бірі Шәріп Омаровтың туғанына – 75 жыл (10.09.1948-29.08.2007 жж.).
95. Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев – 75 жаста (02.02.1948 ж.).
96. Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов 75 жасқа толады (2.10.1948 ж.).
97. Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі Мұрат Құсайынов – 75 жаста (10.08.1948 ж.).
98. Өмірден ерте өткен айтулы ақын Артығали Ыбраевтың туғанына – 70 жыл (28.10.1953-04.04.1974 жж.).
99. Ауған соғысының жаужүрек батыры, арнайы мақсаттағы 177-ші жасақтың (рота) алғашқы командирі, «Қара майор» атанған отставкадағы полковник Борис Төкенұлы Керімбаевтың туғанына – 75 жыл (12.01.1948-12.02.2019 жж.).
100. Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Айгүл Төреқызы Миразова – 75 жаста (15.12.1948 ж.).
101. Белгілі журналист, жазушы, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының және Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты Ержұман Өтешұлы Смайылдың туғанына – 75 жыл (05.01.1948-27.02.2018).
102. Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің экс-сенаторы, бокстан КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Андреевич Цхай – 75 жаста (14 қазан, 1948 ж.).
103. Грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем, Еуропа, Азия және КСРО чемпионы, КСРО және Қазақстанның спортқа еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыханов – 55 жаста (18 қараша, 1963 жыл).
104. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин 35 жасқа толады (24.05.1988 ж., Қызылорда қаласында туған);
105. Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиа- дасының қола, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің туғанына – 30 жыл (13.06.1993-19.06.2018 жж.).
106. Жамбыл облыстық драма театрының атақты актері, Халық әртісі Шәріпбай Сәкиевтің туғанына – 110 жыл (20.12.1913-1966 ж.).
107. Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл қаласы атқару комитетінің 1957-1965 жылдарғы төрағасы, Жамбыл қаласының Құрметті азаматы Әлімхан Комратовтың туғанына – 110 жыл (1913-10.10.1986 ж.).
108. Милиция генерал-майоры, 1971-1979 жылдары Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының бастығы Файзин Қыпшақбаевтың туғаны- на – 105 жыл (20 қазан, 1918-13 мамыр, 1991 ж.)
109. Даңқты қызылшашы, Социалистік Еңбек Ері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Дариха Жантоқованың туғанына – 105 жыл (08.03.1918-2011 жж.).
110. Атақты қызылша өсіруші, Социалистік Еңбек Ері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Мәрзия Ибрагимова – 105 жаста (1918-27.05.2021 жж.).
111. Ұлы Отан соғысының және партия, кеңес қызметтерінің ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесінің алғашқы төрағасы Сағи Исалдаұлы Жабасовтың туғанына – 100 жыл (22.03.1923-10.10.2010 ж.).
112. КСРО мен Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген заңгер, Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл және Талдықорған облыстарының бұрынғы прокуроры Барьян Тұрсыновтың туғанына – 100 жыл (17.01.1923-20.02.1997 ж.).
113. Милиция генерал-майоры Тәттібай Дүйсебаевтың туғанына – 100 жыл (20.11.1923-20.10.1996 жж.).
114. Ұлы Отан соғысының ардагері Әсет Кемпірековтің туғанына – 100 жыл (23.05.1923 ж.).
115. Еңбек ардагері, бұрынғы облыстық партия комитетінің хатшысы Смат Есімұлы Есімовтің туғанына – 95 жыл (22.01.1928-23.02.1992 жж.).
116. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ардагер журналист Баттал Жаңабаев – 95 жаста (07.03.1928 ж.).
117. Жамбыл облысы мен Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, Сарысу аудандық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы Қырықбай Асановтың туғанына – 95 жыл (10.02.1928-23.07.1986 жж.).
118. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, партия мен кәсіподақ қызметтерінің ардагері Әнуарбек Жүнісәлиевтің туғанына – 90 жыл (13.01.1933 ж.-2017).
119. Милиция генерал-майоры Есен Демесіновтің туғанына –85 жыл (15.04.1938-25.12.2005 жж.).
120. Партия және кеңес қызметінің ардагері, Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарының Құрметті азаматы Нареим Сейдуалиевтің туғанына – 85 жыл (14.02.1938- 02.10.2021 жж.).
121. Есімі елге кеңінен таныс композитор Мэлс Өзбековтің туғанына – 85 жыл (1938-1995 жж.). Оның халық арасында кең тараған «Жазылбекшілер маршы», «Ақтамақ қарлығаштар», «Келші, айым», «Құланда», «Асыл арманым», «Арман гүлім» әндері бар.
122. Айтулы ақын, белгілі журналист Совет Әлімқұловтың туғанына – 85 жыл (22.02.1938-18.02.1992 жж.). Ақын «Тұңғыш кітап», «Жайсаң жер», «Қыран», «Еліктің лағы», «Өрімтал», «Қол айна», «Сыбызғы», «Ықылас», «Ораласың ба, көктемім?» атты жыр жинақтарын және «Нұрлы дүние» пьеса жазған.
123. Көрнекті ғалым, химия ғылымының докторы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Қосылған Күзембай – 85 жаста (1938 ж.).
124. Партия және кеңес қызметтерінің ардагері, Тараз қаласының Құрметті азаматы Кеңес Қожантайұлы Баударбеков 90 жасқа толады (29 тамыз 1933 ж.).
125. Бұрынғы Жамбыл облыстық атқару комитеті төрағасының және облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік қызмет ардагері Санат Төлегенұлы Ахтамбердиевтің туғанына – 80 жыл (15 маусым, 1943-08 ақпан, 2004 жж.).
126. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Шу, Байзақ аудандарының бұрынғы әкімі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Амангелді Кәрентаев – 80 жаста (18.11.1943 ж.).
127. Тараз қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Амангелді Аршабайұлы Момышев 80 жасқа толады (25.12.1943 ж.).
128. Сарысу ауданының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз, балалар жазушысы Пернебай Дүйсенбин 80 жасқа толады (13.10.1943 ж.).
129. Жамбыл, Байзақ аудандарының бұрынғы әкімі, облыстық мәслихаттың ІІІ-ІV шақырылымының депутаты әрі хатшысы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет ардагері Әбдінұр Әбілдаұлы Әсілбеков – 75 жаста (15 қаңтар, 1948 жыл).
130. Мемлекеттік қызмет ардагері, Т.Рысқұлов ауданының бұрынғы әкімі, қоғам белсендісі Қасымхан Естемесұлы Төлендиев 75 жасқа толады (15.11.1948 ж.).
131. Денсаулық саласының ардагері Ораз Досқұлов – 75 жаста (1.07.1948 ж.).
132. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Жуалы және Меркі аудандарының бұрынғы әкімі, комсомол және партия қызметтерінің ардагері Бахыт Оспанұлы Сауранбаев – 70 жаста (29 тамыз, 1953 жыл).
133. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласы мен Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің кавалері, генерал-майор Әбдіғапар Райымжанов – 70 жаста (31.03.1953 ж.).
134. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, полиция генерал-майоры Мейірхан Сағынбекұлы Жаманбаев 70 жасқа толады (26.02.1953 ж.).
135. Комсомол, партия қызметтері мен білім саласының ардагері Бәтес Шәйменқызы Егембердиева – 70 жаста (20.05.1953 ж.).
136. Тараз қалалық мәслихатының төрағасы, Талас, Байзақ және Жуалы аудандарының бұрынғы әкімі Батырбек Әбдірәсілұлы Құлекеев 70 жасқа толады (19 мамыр, 1953 жыл).
137. Мемлекеттік қызмет ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты, бұрынғы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мырзақасым Ниязбекұлы Байбеков – 70 жаста (1 тамыз 1953 ж.).
138. Тараз қаласының бұрынғы әкімі Ілияс Әлімұлы Тортаев 70 жасқа толады (5 қараша, 1953 ж.).
139. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Тараз қаласының Құрметті азаматы Әнуарбек Талхаұлы Әйменовтің туғанына – 70 жыл (17.09.1953-05.12.2022 ж).
140. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Асқар Бекадылұлы Әбдуалы – 70 жаста (3 қаңтар, 1953 ж.)
141. Тараз қалалық мәслихатының ІІ, ІІІ және ІV шақырылымдарының депутаты және қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Өмен Байшағашев 70 жасқа толады (20 наурыз, 1953 ж.).
142. Қазақстанның мәдениет қайраткері, талантты ақын, дарынды драматург, әуесқой композитор Болат Бекжановтың туғанына – 65 жыл (04.11.1958-29.11. 2020 жж.).
143. Белгілі кәсіпкер, «Промхиммонтаж» ААҚ-ның бас директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының ІІІ, ІV және V шақырылымдарының депутаты Оразалы Телеуов 65 жасқа толады (07.04.1958 ж.).
144. Самбо күресінен Әлем Кубогының иегері, Еуропа, КСРО чемпионы, КСРО Кубогының иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Алмас Мұсабеков – 65 жаста (01.08.1965 ж.).
145. Бокстан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, КСРО және Азия чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты боксшы Болат Жұмаділов – 50 жаста (22.04.1973 ж.).
146. Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев 40 жасқа толады (14 наурыз, 1983 жыл).

ЕСКЕРТУ: Осы іріктеліп жинақталған мәліметтерде есімдері аталмай қалған атақты адамдар мен өңірге белгілі тұлғалардың кірмей қалуы әбден ықтимал. Сондықтан оған үлкен түсіністікпен қараған абзал. Сонымен қатар осы айтулы даталарға орай газет беттеріне арнайы мақала жазамын, пікір білдіремін деген ойлар болса, аса зор ықыласпен құптаймыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.