Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Қазақстанның 285 елді мекенін су басу қаупі бар

0 167

Биыл 285 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рүстембек Әмрин айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өткен жылы атқарылған алдын алу іс-шаралар кешені жалпы ел бойынша 1 010 елді мекеннің 158-ін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте қауіп жойылған елді мекендердің саны 340-қа жетті және 385 елді мекен үшін барынша азайтылды. Су басу қаупі бүгінгі күні 285 елді мекенде сақталып отыр», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Департамент бастығының дерегінше, қазіргі уақытта тікелей су тасқыны алдында әкімдіктердің елді мекендерден қар шығару, арықтар мен каналдарды, автомобиль және теміржол су өткізу құрылыстарын мұз бен қоқыстан тазарту, инертті материалдар қорын дайындау бойынша жұмыстары жалғасуда.

Әмриннің айтуынша, биыл су тасқынына қарсы іс-шараларға шамамен 160 млрд теңге бөлу көзделген.

«Бүгінгі таңда елді мекендерден 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды. 4 мыңнан астам канал мен 5 мыңға жуық арық, 4 мыңнан астам автомобиль және 2 мың теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды. 200 мың тоннадан астам инертті материалдар дайындалды. Халықпен 8 мыңға жуық жиын өткізілді. Су тасқыны кезіндегі іс-әрекет ережелері бар 40 мыңнан астам ұсынымдар таратылды», –  деді Рүстембек Әмрин.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.