Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірлескен қызмет туралы келісімшарт жасалды

0 3  003

«Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында» білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру, медицина қызметкерлерін оқыту, инновациялық озық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жақында “Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы «(ҰКҚО) және Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының ректоры Мырзабек Рысбековпен бірлескен қызмет туралы келісімшарт жасалды. Алдағы уақытта Тараздағы кариохирургиялық орталық дәрігерлерді, сондай-ақ студенттерді, магистранттарды, резиденттер мен докторанттарды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға арналатын клиникалық база болады.
Бірлескен қызметтің негізгі мақсаты – екі клиниканың ғылыми, білім беру, инновациялық және технологиялық әлеуетін интеграциялау негізінде денсаулық сақтау кадрларын дамыту. Сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін білікті кадрлар, заманауи материалдық-техникалық база мен ресурстар және жинақталған ғылыми-практикалық тәжірибе тартылады.

Сапалы білім – сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алудың кепілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.