Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір жылда 25 млн теңге тапқан: Атырауда синтетикалық есірткі тасушы 11 жылға сотталды

0 310

Атырауда ауданнан қалаға жұмыс іздеп келіп, есірткі тасымалдаушысы болып жұмыс істеген жас жігіт 11 жылға сотталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агентігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Атыраулық азамат жарнама сайтынан жеткізуші керек екенін көріп, қоңырау шалып, есірткі жасырып, жұмыс істегенін айтады. Сөзінше, ол көзден таса жерлерге дасырған синтетикалық есірткілерін суретке түсіріп, тапсырыс берушіге айтып жүрген. Оған синтетикалық есірткіні белгісіз адам жеткізетін көрінеді. Ары қарай заңмен тыйым салынған препараттарды жігіт өзі кішкентай дорбаларға бөліп отырған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны есірткі жасырып жатқан сәтте қолға түсіреді.

“Заман өзгерген сайын есірткі сату мен таратудың жаңа жолдары пайда болғанын баршаңызға жеткізгіміз келеді. Сондықтан әлеуметтік желідегі алаяқтардың арбауынан сақ болған дұрыс. Айыпталушы осы қызметке ерікті түрде тұрып, бұл қызметі үшін жұмыс беруші оның банкоматтық картасына ірі көлемдегі қаражат аударып отырады. Ол бұл іс-әрекеттерін бірнеше рет жасап, ірі көлемдегі ақша тапқан. Сот тергеуінде аз уақыт ішінде оның банкоматтық картасына 25 миллион теңге көлемінде ақша түскені анықталды”, – деп хабарлады Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Жігіттің қылмысы сотта дәлелін тауып, сот оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.