Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бір жанға еркелеп отырмын»: Ерке Есмаханның жазбасы елді қызықтырып қойды

0 415

Ерке Есмахан ерекше жазба жариялап, елді қызықтырып қойды. Әнші болмысынан ерке екенін айта келе, үнемі еркелеп жүретінін жеткізді. Желі оқырмандары әншіні тағы бір азаматпен бас қосты деп болжады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кейде таңғаламын. Менің есімім қалай дәл тауып қойылған? Мен тым еркемін. Күнім еркелеумен басталып, еркелеумен аяқталады. Ұйықтап жатып та еркелеп ұйықтаймын. Өмір өзі еркелетеді. Сіздер де еркелетесіздер. Қазірдің өзінде бір жанға еркелеп отырмын. Кейде ұрсып аламын. Қысқасы мен қылықты қызбын», — деді Ерке Есмахан.

Жақында бірге дуэт айтқан әнші Әміре мен Еркені тыңдармандары көңіл қосты деп болжаған. Енді бірі шығармашылық байланыста деп топшылады. Енді бірі Азамат екеуінің арақатынасын сұрап жатыр.

«Ұзатылып жатсам, кімге «сыңсу» айтқызсам екен деп ойлап отырмын!”, –деп жазды әнші тағы бір жазбасында.

Бұған дейін Азамат Зенкаевпен көңіл жарастырған еді. Ерке көп ұзамай екі жаққа кеткенін айтты. Тыңдарманы әншілердің тұрақсыздығына мін тақты.

“Осылардың сезімі бір күндік екен”, “Не деген тұрақсыз адамдар, сенімсіз бола тұра бірге жүре бере ме?”, “Кеше ғана Азамат екеуі шын ғашық екенін айтып ағынан жарылған еді”, “Бұларда бәрі тез ғой”, “Әміремен біргесіздер ме?”, “Бүгін басқаша, ертең басқаша сөйлейді”, “Өз өмірі ғой, өзі біледі”, “Бақытты болсын”, “Жақсы жар кездессін”, – деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.