Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір күнде 60-тан аса жол апаты тіркелді

0 152

11 қазанда Нұр-Сұлтанда ауа-райының күрт нашарлап, қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналатыны айтылады, осыған байланысты қала көлік кептелісі орын алатындығы болжанады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы автокөлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды, жолда аса абай болуды және көлік жүргізу кезінде қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтауға кеңес береді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының баспасөз қызметі.

Бір күн ішінде елордада 68 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде бір зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де аса сақ болу ескертіледі.

zakon.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.